Ресейдің Саранск қаласында өрт-құтқару спортынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы XIV әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Өрт-құтқару спортынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы XIV әлем чемпионатына және қыздар арасындағы Х әлем чемпионатына Ресей, Қазақстан, Беларусь және басқа да елдердің спортшылары қатысып жатыр.
Шығыс Қазақстаннан келген Никита Бойков жасөспірімдер арасында «шабуыл сатысымен оқу мұнарасының екінші қабатына көтерілу жарысында 7,26 секундтық нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл Қазақстанның жаңа рекорды. Спортшының жаттықтырушысы — ШҚО ТЖД қызметкері Михаил Филатов.
— Никита нағыз шеберлік пен табандылық танытты. Оның нәтижесі — бүкіл өңіріміз үшін үлкен мақтаныш, — деді бапкері.