Әлеуметтік желіде тараған видеода көрінгендей, мотоциклшілерді қуған тәртіп сақшысы қызметтік автокөлікпен қарсы бағытқа шығып, жолдағы тұтас сызықты кесіп өткен. Соның салдарынан көлік мотоциклшілердің біріне соғылған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
— Учаскелік инспектор жүргізуші куәлігінсіз жүрген үш мотоциклшіні ұстамақ болған. Алайда көлік тізгініне ие бола алмай қалды. Қызметтік теріс әрекетке байланысты инспекторға қатысты тексеріс басталды, — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.
Ал мотоцикл жүргізушілеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Олар құжатсыз мотоцикл басқарғаны және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.