ШҚО-да жыл басынан бері 3 мыңнан астам отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа барғандарға жаңа жаза қолданыла бастады. Сот шешімімен олар өз үйлерінен уақытша шығарылып жатыр.
2025 жылдың басынан бері өңір бойынша осындай жазаға 4 ер адам тартылды.
— Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді ерлі-зайыптылар бірнеше рет татуласа алмайды. Егер құқық бұзушылық қайталанса, учаскелік полиция инспекторының өтініші бойынша сот агрессорды үйден шығару туралы шешім шығара алады, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінен.
Өскемендегі дағдарыс орталығынан бұл тәжірибенің оң нәтиже көрсетіп жатқанын мәлім етті.
— Бұрын зорлық-зомбылық құрбандары өздері үйден кетіп, туыстарының немесе таныстарының үйін паналап жүретін. Біздің орталыққа да келетін. Енді заң өзгерді. Осылайша, әйелдер бала-шағасымен сенделіп жүрмейтін болды, — дейді орталық мамандары.
Бұл шара бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылықтар кезінде қолданылады. Сотқа өтінішті учаскелік инспектор жолдайды.
Жалпы, жыл басынан бері облыста 3 144 отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға аз.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...