Өскеменде бостандығы шектелген ер адам түзелгеннің орнына тығылған есірткілерді іздеумен айналысқан

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, пробация қызметінің есебіне қойылған ер адамға аға инспектор Аделя Ринатова жауапты болған. Ол азаматқа жан-жақты қолдау көрсетіп, қаладағы наубайханалардың біріне жұмысқа орналасуға көмектескен.

– Әуелі жүк тиеуші болып жұмыс істеп, қалаға нан тасымалдап жүрген азаматтың бұрынғы әйелімен қарым-қатынасы да жақсара бастады. Алайда біраздан кейін бәрі теріс кетті. Жұмыс пен отбасының орнына ол «закладка» іздей бастады. Пробациялық бақылау шарттарын бұзып, түрлі жерлерге тығылған есірткілерді іздеуге көшкен, — делінген ақпаратта.

Тәртіп бұзушылықтар электронды бақылау жүйесінің күнделікті мониторингінің арқасында анықталды. Оның аяғына тағылған білезік рұқсат етілген аймақтан шығып кеткенін бірнеше рет тіркеген. Сонымен қатар азамат пробация қызметіне міндетті тіркелуге келуді тоқтатқан.

– Ол білезікті өз бетінше шешуге әрекеттенген. Білезіктің белдіктерін әдейі күйдіріп, еріп кетеді деп үміттенген. Бірақ бұл сәтте де GPS-сенсор жұмыс істеп тұрып, оның қала бойынша барлық қозғалысын дәл тіркеп отырған. Көптеген бұзушылығы үшін өскемендіктің жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. Ер адам 1 жыл 7 ай мерзімге қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...