Қазір ел аумағында «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Соның барысында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Абай облысындағы әріптестерімен және кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп көршілес облыстың 40 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдіктінің үйі мен шаруашылық қора-жайларына жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 8 келіден асатын кептірілген марихуана, гашиш және құрамында каннабистің психоактивті компоненті бар есірткі заттары тәркіленген. Бұл шамамен 1600 бір реттік дозаға тең.
— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген ақпаратта.