Өскеменде ескі ықшамаудандардағы мектептер қайта жаңғыртылады

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, қаланың ескі бөлігіндегі мектептерде ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Бұл шағын аудандарда бос жер телімдерінің болмауына байланысты жаңа білім ордаларын салу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан бар мектептерді жаңарту — ең тиімді шешім болып отыр.

Осылайша, мектептер жаңа жабдықтармен қамтамасыз етіліп, аулалары абаттандырылады. Сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған кедергісіз орта құрылмақ.

— Өскеменнің ескі бөлігіндегі мектептер тарихи келбетін сақтайды. Алайда ішкі жағы толық жаңарып, заманауи әрі ыңғайлы болады. Біз балалардың қай шағынауданда тұратынына қарамастан, бәрі бірдей жақсы жағдайда білім алуын қалаймыз, — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Өскемен қалалық Білім бөлімінің дерегінше, қалада 1975 жылға дейін салынған 37 мектеп бар, олардың әрқайсысына 50 жылдан аса уақыт болған. Сонымен қатар 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған 6 мектеп және 30 жылдан асқан 8 мектеп бар. Тек соңғы он жылда ғана 8 жаңа мектеп салынса, оның төртеуі биыл бой көтерді.

Жобаға ірі кәсіп иелерін де тарту көзделген. Кәсіпорындарға мектептердегі жаңғырту жұмыстарына қаржы бөлу ұсынылады.

Ескі шағынаудандардың тұрғындары бұл бастаманы қолдайтынын жеткізді.

— Балаларымыздың жарық кабинеттерде, сапалы жиһазбен жабдықталған сыныптарда оқығанын тілейміз. Заманауи спортзалы мен кітапханасы болса, тіптен жақсы, — дейді қала тұрғыны, екі баланың анасы Марина Коробихина.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...