Өскеменде 6 адамды бопсалаған блогер сотталды

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, К. есімді азамат 2021 жылдың шілдесінен 2024 жылдың мамырына дейінгі аралықта 6 жәбірленушіден ақша бопсалаған.

— Блогер әйелі мен күйеуінің отбасылық жанжалы түсірілген видеоны әлеуметтік желіге жариялайды. Сол видеоны өшіру үшін ерлі-зайыптыдан 21 000 теңге талап еткен. Ақша қолына тигеннен кейін видеоны өшірген, — делінген ақпаратта.

Тағы бір азаматтың көлік жүргізуге құқығы жоқ екенін білген айыпталушы оны видеоға түсіріп, желіге жүктейтінін, полиция шақыратынын айтып қорқытқан. Осылайша, ер адамнан 140 000 теңге бопсалап алған.

— 2024 жылғы сәуірде К. өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мектептерге генераторларды қымбат бағамен жеткізген адам жайлы видео жариялап, бұл факті бойынша құқық қорғау органдарын тексеру жүргізуге шақырған. Содан кейін бұл жазбаны өшіру үшін ол азаматтан 700 000 теңге талап еткен, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ блогер жол ережесін бұзған өзінің бұрынғы әйеліне хаттама толтырған полиция қызметкерлерін аңдуға көшкен. Видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап, олардан бұрынғы жұбайының айыппұлын төлеуді, оған гүл сыйлап, кешірім сұрауды талап етті. Полицейлер бұл талаптарды түгелдей орындауға мәжбүр болған.

Өскемен қалалық №2 сотында өткен сот отырысында К. өз кінәсін мойындамады. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар ол үш жәбірленушіге жалпы сомасы 500 000 теңге көлемінде моральдық залалды өтеуге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске прошел турнир памяти Бердибека Сапарбаева

В областном центре в четвертый раз прошел открытый республиканский турнир по мини-футболу среди любительских команд, посвященный памяти государственного и общественного деятеля Бердибека Машбековича Сапарбаева. За...

В Усть-Каменогорске ко Дню Республики подняли государственный флаг

Сегодня, 25 октября, в День Республики Казахстан в Усть-Каменогорске на амфитеатре состоялась торжественная церемония поднятия Государственного флага на новом флагштоке. Мероприятие стало символом уважения к...

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...