ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жол уақытша жабылады

Шығыс Қазақстан облысында 20 тамыз бен 30 қазан аралығында «Рахман қайнары» шипажайына апаратын жолда көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жолдағы шектеу жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Нақты айтқанда, «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 13 шақырымы (437–450 шақырымы аралығы) жөнделеді.

— Ені шамамен 5 метр болатын бұл жолдың бір жағы жартас, екінші жағы тік құлама. Мұндай жағдайда айналма жол салу немесе реверсивті қозғалыс ұйымдастыру мүмкін емес, — дейді «Қазавтожол» ҰК» АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов.

Оның айтуынша, орташа жөндеу жұмыстары аясында су өткізгіш құбырлар, арықтар және терең дренаж жүйелері салынады. Жалпы саны 17 темірбетон құбыр да орнатылады.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...