в

Шығыс Қазақстанда 1 қыркүйекке дейін 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Источник фото: министерство просвещения РК

Оның ішіндегі 4 мектеп «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Жаңа білім ордаларының 3-і қазақ тілінде, 2-і аралас тілде білім береді.
— Үш мектеп Өскемен қаласында бой көтереді. Атап айтқанда, №40 орта мектеп Увалиев көшесінде орналасқан. 600 орындық білім ордасы қазақ тілінде оқытады. Тимофеев көшесіндегі №31 орта мектеп 300 орындық. Ол оқушыларды қазақ және орыс тілдерінде қабылдайды. Ал 19-шағын аудандағы Есенберлин көшесінде салынып жатқан қазақ тіліндегі мектеп 600 орынға шақталған, — деп хабарлады ШҚО Білім басқармасынан.
Глубокое ауданы Белоусов №2 орта мектебі «Келешек мектеп» жобасы аясында салынып жатыр. 300 орындық мектеп қазақ және орыс тілдерінде оқытады. Зайсан қаласында пайдалануға берілетін Саурык орта мектебі қазақ тілінде білім береді. Онда 300 бала оқуға қабылданады.
— 2023-2025 жылдар аралығында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 3000 орынға арналған 7 мектептің құрылысы қарастырылған болатын. 2024 жылы жалпы 2100 орынға арналған 5 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Олар: Өскемен қаласында – 900 орынға арналған 2 мектеп, Риддер қаласында – 600 орындық мектеп, Шемонаиха қаласында – 300 орындық мектеп, Глубокое ауданында – 300 орындық мектеп, — делінген мәліметте.
Қазіргі таңда 6 бейімделген мектептің орнына 450 орынға арналған 6 мектептің құрылысы басталған. Бұл бағытта меморандумға қол қойылды. Олар:
• Самар ауданы Самарское ауылы – 150 орындық оқу-әкімшілік орталығы,
• Зайсан ауданы Саржыра ауылы – 50 орындық,
• Марқакөл ауданы Тосқайың ауылы – 100 орындыө,
• Тарбағатай ауданы Сарыөлең ауылы – 50 орындық,
• Күршім ауданы Қыстау-Күршім ауылы – 50 орындық,
• Марқакөл ауданы Қайнарлы ауылы – 50 орындық оқу-әкімшілік орталығы.
Сонымен қатар 2026–2028 жылдары облыстық бюджет есебінен жалпы 1200 орынға арналған 3 мектептің құрылысы жоспарланған:
• Өскемен қаласы «Спорт» шағын ауданында – 600 орындық,
• 23-шағын ауданда – 300 орындық,
• Глубокое ауданы, Прапорщиково ауылында – 300 орындық.

В Риддере компания оштрафована за экологические нарушения при подготовке к строительству завода

В ВКО обсудили ход подготовки к Зимним Олимпийским играм 2026 года