Өскеменде заңсыз криптовалюта саудасымен айналысқан ер адам 144 млн теңгеден астам пайда көрген

Қала тұрғыны лицензиясыз жұмыс істеп, Binance және TotalCoin платформалары арқылы цифрлық активтерді сатып алумен және сатумен айналысқан. Осылайша, ол 1,5 жыл ішінде 144 млн теңгеден астам табыс тапқан.

Өскемен қалалық № 2 сотының мәліметіне сүйенсек, айыпталушы екі криптобиржаның мобильді қосымшасын жүктеп, верификациядан өткен. Жалған есімдермен тіркеліп, клиенттерден тапсырыс қабылдай бастаған. Ол операцияларды Bitcoin, USDT, Litecoin сынды криптовалюталар арқылы жүргізіп, ақшаны өзінің және таныстарының банктік шоттарынан шешіп отырды.

Тергеу барысында азаматтың Қазақстанда халықаралық «Астана» қаржы орталығының шегінен тыс жерлерде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен кез келген операция жасауға тыйым салынғанын білгені анықталды. Соған қарамастан айыпталушы қызметін тоқтатпаған және оны заңдастыруға әрекет жасамаған.

— Сонымен қатар ол бірнеше танысынан банкте шот ашуды сұрап, шынайы мақсатын жасырған. Кейін бұл шоттар арқылы клиенттердің қаражаттары аударылып отырған. Ал клиенттер операциялардың заңсыз екенінен мүлде бейхабар болды. Сот шешімімен айыпталушы 2 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектелді, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...

В Усть-Каменогорске открылся «Ретро-музей» с коллекцией техники прошлого века

В парке «Левобережный» областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника Усть-Каменогорска состоялось открытие «Ретро-музея». В церемонии принял участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Главной частью экспозиции стала...