Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға белсенді жастар, қоршаған ортаны қорғау саласының мамандары, мемлекеттік мекеме өкілдері және өңірдің экологиялық тұрақты дамуына бейжай қарамайтын азаматтар қатысты.

Кездесудің бастамашысы және ұйымдастырушысы – Алтай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ. Негізгі қатысушылар қатарында «Өскемен орман шаруашылығы» КММ, «Кіші Үлбі» орманшылығының өкілдері, сондай-ақ Алтай ауданы Жастар ресурстық орталығының әдіскері – Құттыбаева М.Е. болды.

Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық білімді ілгерілету және табиғатқа жауапты көзқарасты қалыптастыру. Қатысушылар энергия мен жылуды ұтымды пайдалану, табиғи ресурстарды тиімді басқару, биологиялық алуан түрлілікті сақтау және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел аясында қазіргі экологиялық сын-қатерлер, табиғи экожүйелерге әсер ететін антропогендік факторлар және оларды бейтараптандыру жолдары туралы баяндамалар ұсынылды. Сондай-ақ өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты бастамалар көтерілді – жасыл желектер отырғызудан бастап жастар арасында ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға дейін.

Маңызды нәтижелердің бірі – түрлі құрылымдардың күш-жігерін біріктіру және бірлескен іс-қимыл жоспарын қалыптастыру болды. Қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және халықтың тұрақты даму мәселелеріне қатысты хабардарлығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара табиғатты сақтау мен өңірдегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге және ынтымақтастықты жалғастыруға шақырумен аяқталды.

Новые статьи

Усть-Каменогорск отмечает 306-летие

Сегодня Усть-Каменогорск отмечает 306-й день рождения. В честь Дня города в областном центре проходит праздничная программа, которая с самого утра собирает жителей и гостей...

В Усть-Таловке отметили День шахтера и обогатителя

В Усть-Таловке накануне прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню шахтера и обогатителя. Праздник объединил представителей горнодобывающей отрасли, ветеранов труда, молодежь, жителей и гостей Шемонаихинского района. В...

Сегодня в Казахстане отмечают День шахтера

В Восточном Казахстане горняцкий труд давно стал частью истории, характера и промышленной мощи нашего края. Спускаться под землю и работать в сложнейших условиях, добывая богатства...

В Усть-Каменогорске прошел вечер классической музыки «Звездные часы оперетты»

В Усть-Каменогорске прошел музыкальный вечер «Звездные часы оперетты», приуроченный ко Дню города. Концерт объединил классическую музыку, популярные произведения и интерактивы со зрителями. Вход для...