Өскемендегі жылу орталығы кеңейтіліп, жаңа қазандық орнатылмақ

Бүгінде қалада жылу мен электр энергиясы тапшы. Осы мәселені шешу үшін жылу электр орталығының қуаттылығын арттыру көзделіп отыр. Қоғамдық тыңдау барысында жобаны жүзеге асырып жатқан «Өскемен ЖЭО» ЖШС өкілдері стратегиялық жоспарларымен таныстырды. 2028 жылға дейін орталық аумағында жаңа №13 турбоагрегат пен №16 қазандық іске қосылады.

Жаңа турбина қосымша 100 мегаватт электр энергиясын, ал қазандық сағатына 400 тонна бу өндіруді қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жылу қуаты 130 гигакалорияға артып, Өскемендегі жылу тапшылығы 331-ден 201 Гкал/сағ дейін, яғни шамамен 40%-ға қысқарады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны – 140,3 млрд теңге. Қаржы көзін Еуразиялық даму банкі арқылы тарту жоспарланған. Құрылыс жұмыстары қытайлық серіктестермен бірлесіп EPC-келісімшарт аясында жүргізіледі. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге Қытай мен Қазақстанның бірлескен консорциумы тартылған.

— Бұл жоба бүкіл өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Жылу желілерінің температуралық кестесін көтеріп, негізгі жабдықтардың тозуын шамамен 14%-ға азайта аламыз. Сонымен қатар отын шығыны төмендейді, — деді «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғұманов.

Жобаны іске асыру барысында 500 уақытша жұмыс орны, ал станция пайдалануға берілгеннен кейін 53 тұрақты жұмыс орны ашылады. ЖЭО-дағы жаңғырту барысында энергоүнемдеуші және экологиялық тұрғыдан тиімді технологиялар қолданылмақ. Қазіргі таңда құрылыс алаңында дайындық жұмыстары басталып кетті.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...