Жарты жылдың қорытындысы бойынша 250 мың адам жұмыспен қамтылды — Ермек Көшербаев

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы өтті. Онда Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев баяндама жасады.

Ол әлеуметтік саясат дегеніміз ол тек бюджеттің шығындарының өсу көлемі емес, адами капиталға, халықтың денсаулығына, жастардың біліміне, қоғамның тұрақтылығына бағытталған инвестициялар екеніне назар аудартты.

«Мемлекет басшысы Үкімет алдына өмір сапасын жақсарту, халықтың әлжуаз топтарын қорғау және әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл бағытта кешенді жұмыс атқарылуда. Бүгінгі таңда мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындауда. Бюджеттің  жартысынан көбі осы салаға жұмсалады. Соның ішінде бірнеше санаттарға тоқтала кетсем, баласы бар отбасыларды қолдауға қатысты, жыл басынан бері 1,2 млн баласы бар отбасылардың жәрдемақылары 6,5%-ке  арттырылды. Оған республикалық бюджеттен 870 млрд тенге бөлінді. Ол 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 17%-ке көп», —
деді Ермек Көшербаев.

Вице-премьердің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек 245 мың адамға 16,2 млрд тенге көлемінде төленуде. Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарды қолдауға Үкіметтің алдына ерекше назар бөлу туралы міндет қойған болатын. Жыл басынан бері зейнетақы төлемдері 8,5%-ға арттырылды. Зейнетақының орташа мөлшері 180 мың теңгені құрайды. Бұл мақсатқа 4 трлн теңге жұмсалуда.

«Жалақыны арттыру – халықты көп толғандыратын мәселе. Еліміздегі орташа жалақы мөлшері өсіп, қазіргі таңда 423 мың теңгені құрайды. Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 600 мың азаматтық қызметшілердің еңбекақысының өсуіне ықпал етті.
Жарты жылдың қорытындысы бойынша 250 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл бағытта цифрлық платформа енгізілуде. Негізгі мақсат – нақты көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы», —
деді премьер-министрдің орынбасары.

Конференция барысында вице-премьер Ермек Көшербаев және бірқатар салалық министрлік өкілдері журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...