ШҚО-да Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты. Қатысушыларға «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Өңірде әртүрлі форматтағы 128 іс-шараны қамтитын облыстық жоспар бекітіліп, іске асырылуда. Негізгі назар құқықтық-ағартушылық, мәдени және жастар бастамаларына, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі белсенді ақпараттық сүйемелдеуге аударылған.

25 мыңнан астам оқушы еліміздің Негізгі Заңына құрметпен қарауды қалыптастыру және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған ашық сабақтарға, экскурсияларға және құқықтық оқуларға қатысты. Колледждер мен жоғары оқу орындарында пікірсайыстар, пікірталас клубтары, челлендждер мен патриоттық форумдар ұйымдастырылды.

Символдық мәні бар бірқатар іс-шаралар аясында жас азаматтарға алғашқы жеке куәліктер мен төлқұжаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімдері өтті.

Отбасы қолдау орталықтары мен дағдарыс орталықтарында тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсетілуде. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда.

«Әрекеттегі қоғам» жобасы аясында облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өңірдің 8 ауданында халықпен кездесулер мен оқыту семинарлары өткізілді.

Барлық іс-шаралар азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жастар арасында патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Новые статьи

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...