Ел құрақшылары 1366 шаршы метрге жайылған құрақ көрпе құрап, әлемдік рекордтар кітабына енді

Қазақстандық құрақшылар «Аламан құрақ – 2025» мәдени жобасы аясында әлемдегі ең ұзын көрпе құрады.

Алматы қаласындағы Медеу мұз айдынында ұлттық қолөнерге арналған бірегей «Аламан құрақ – 2025» мәдени жобасы өтті. Елдің әр өңірінен жиналған 660 құрақшы жалпы көлемі 1366 шаршы метрге жайылған құрақ көрпе құрап, бұл көрсеткіш Global Book of Records дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркелді. Бұл – қазақтың құрақ өнеріне арналған тұңғыш әлемдік рекорд.

Жобаға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан барлығы 34 құрақшы қатысты. Оның ішінде Абай облысынан 13 мұғалім мен 2 оқушы бар. Қатысушылар Семей, Аягөз, Көкпекті аудандары мен Абай ауданы білім беру мекемелерінен жиналды. Олардың қатарында қала гимназиялары мен лицейлерінің, ауыл мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері бар.

— Абай және ШҚО бойынша жобаның өңірлік үйлестірушісі – Семей қаласындағы №19 мектептің мұғалімі Бақытжан Шапенова. Жобаның авторы – Аягөз ауданы Таңсық ауылының тумасы Нұргүл Абайхан. Оның бастамасымен жүзеге асқан әлемде теңдесі жоқ мәдени жоба қазақ аналарының ауыз біршілігін, құрақ өнерінің көркемдігін және ұлттық құндылықтың терең мағынасын әлемге паш етуді мақсат етті, — деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...