Өскемен тұрғынын алдап соққан жетісулық 5 жарым жылға сотталды

Бал сатумен айналысатын өскемендік өз өнімін қайта өңдеуге арналған жабдық сатып алмақ болады. Сөйтіп, қажетті техниканың Қытайда бар екенін танысынан естиді. Ол болса жабдықтың алдын ала төлемін Жетісу облысында тұратын басқа бір танысы арқылы жіберу қажеттігін айтады.  Жетісу тұрғыны Өскеменге келіп, кәсіпкерден 100 мың доллардан астам қаражатты алған. Өзіне сендіру үшін қытайлық делдалмен бейнеқоңырау арқылы байланыс орнатқан. Алайда арада біршама уақыт өткенде жабдықты жеткізгеннің орнына, хабар-ошарсыз кетеді.

— Сот барысында анықтағандай, ол қаржыны жеке қажеттіліктеріне жұмсап тастаған. Оның қайда жүргені ұзақ уақыт белгісіз болды. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Десе де тергеу кезінде іс бойынша қолхаттар, аудио және бейнематериалдар, куәгерлердің айғақтары жиналған, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен сотталушы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол жәбірленушіге келтірілген материалдық залалды өтеуге міндеттелді.

Новые статьи

В Риддере 60 семей получили ключи от новых квартир

В канун Дня Республики в Риддере состоялось торжественное вручение ключей от квартир в новом многоквартирном доме. Новоселами стали 60 семей. 55 квартир приобрели сотрудники ТОО...

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...

К 2028 году цифровая прослеживаемость охватит 80% энергоресурсов Казахстана

В Казахстане планируют расширить цифровой контроль за движением нефти и нефтепродуктов. Согласно стратегии Digital Qazaqstan, к 2028 году сквозная цифровая прослеживаемость должна охватить 80%...

ООН предупреждает: ИИ может заменить человека при принятии решений на поле боя

Искусственный интеллект уже сейчас широко используется на поле боя, а роль человеческого фактора в военных операциях стремительно сокращается. Об этом предупредил руководитель Института ООН...