ШҚО-да екі жылда 742 адам банкрот деп танылды

«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң 2023 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енгелі бері осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін 6 491 өтініш түскен.

— Оның ішінде 4 671 өтініш бойынша бас тартылып, 1 078 өтініш қаралып жатыр. Бүгінде 742 адам банкрот деп танылды. Олардың екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге 2 млрд 123 млн 572 686 теңге көлеміндегі берешектері есептен шығарылды, — деп хабарлады ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен.

Сот арқылы банкроттық рәсімін азаматтар егер банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге берешегі 1600 АЕК-тен асатын болса немесе мүліктері болған жағдайда, қарыз сомасына қарамастан қолдана алады. Бұл мүмкіндікті қолдануға облыс тұрғындарынан 126 өтініш түсті.

— Оның ішінде 56 өтінішке бас тартылып, 50-і қабылданды, 20-сы сотта қаралып жатыр. Қабылданған 50 өтініштің ішінде 6 іс апелляция сатысында тоқтатылды, 15-і әлі де рәсімде. Ал 29 іс аяқталып, жалпы сомасы 6 млрд 361 млн 852 888 теңге борыштары бар азаматтар банкрот деп танылды, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске открыли новый гостиничный комплекс

Новый объект позиционируют как отель бизнес-формата, где сочетаются европейский уровень сервиса, восточное гостеприимство и казахстанский характер. Судя по концепции, Monotel делает ставку не только на...

В Казахстане заметно подорожали обручальные кольца

В Казахстане зафиксирован значительный рост цен на обручальные кольца. По итогам марта 2026 года стоимость золотых колец увеличилась на 5,5% за месяц, а в...

В Усть-Каменогорске проходит форум Altay Business

Аким ВКО Нурымбет Сактаганов перед началом форума посетил выставку, где представили товары местных предпринимателей, а также научные и цифровые разработки вузов, и пообщался с...

В ВКО около 100 человек стали жертвами укусов клещей

В регионе растет количество пострадавших от активности клещей. На сегодняшний день 92 человека обратились в медорганизации за помощью из-за укусов клещей. При этом, часть пострадавших...