25 маусым күні Өскемен қаласындағы Үстел теннисі орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында үстел теннисінен VII Қазақстан Республикасының спартакиадасы бастау алады.
Спартакиада 23-29 маусым аралығында өтеді. 25-26 маусым күндері – жекелей сайыстар, 27 маусымда – жұптық, ал 28 маусымда аралас ойындар өткізіледі. 29 маусым күні сағат 10:00-де жарыстың жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болады.
Додаға еліміздің 18 өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 200-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.