Риддерде өндірісте жарақат алған ер адамға 3 млн теңге өтемақы беріледі

Риддер қалалық соты М. есімді азаматтың акционерлік қоғамға қарсы талап арызы бойынша шешім шығарды. Аталмыш іс талапкердің емделуге кеткен шығындарды өтеу және моральдық залалды өндіру туралы талабына қатысты қаралды.

Сотқа жүгінуге ер адамның жұмыс кезінде ауыр өндірістік жарақат алуы себеп болған. 4-разрядты электрмонтер болып жұмыс істеген азамат I–III дәрежелі термиялық күйіктер алып, денесінің 20%-ын зақымдаған. Азамат ауруханаға жатқызылып, ұзақ ем қабылдап, тері трансплантациясы бойынша ота жасатқан.

Қайта оңалту кезеңінде ол жекеменшік медициналық мекемелерге жүгініп, қажетті дәрі-дәрмектерді өзі сатып алған.
Сот оқиға кезінде жұмыс берушінің қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру шарты болмағанын анықтады. Сақтандыру компаниясымен шарт тек 2024 жылдың 7 қазанында, яғни оқиғадан кейін ғана жасалған.

Осыған байланысты, сот жұмыс берушіні талапкердің емделуге кеткен барлық құжатпен расталған шығындарын өтеуге міндеттеді.
Сонымен қатар талапкердің моральдық залал бойынша талабы да негізді деп танылды. Сот денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын, моральдық зардаптың сипаты мен дәрежесін және істің мән-жайын ескере отырып, моральдық өтемақы көлемін 3 000 000 теңге мөлшерінде белгіледі.

Үкім толықтай заңды күшіне енді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...