в

Өскеменде жол апатына түскен көлік аударылып қалды

Бүгін таңертең Өскемен қаласындағы Нұрмағамбетов пен Чехов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.

Toyota Land Cruiser автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі солға бұрылған кезде Mitsubishi Pajero маркалы көлікке жол бермеген. Қатты соққы салдарынан Mitsubishi Pajero аударылып кеткен.

— Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Toyota Land Cruiser жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінен.

Айта кетейік, облыс орталығында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Нұрмағамбетов көшесінде қозғалыс уақытша шектелген.

ШҚО-да 300-ден астам түлек «Алтын белгі» иегері атанады