ШҚО-дағы ауыл тұрғындары хлорлы су ішуге мәжбүр болды

Ұлан ауданы Асубұлақ ауылындағы бір көшенің тұрғындары су сапасына шағымданды. Олардың айтуынша, суға дезинфекция жүргізілгеннен кейін хлордың иісі танауды жарып, талай адам улану белгілерін сезінген.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, 14 маусымда Казаченко көшесінде су колонкаларын жоспарлы түрде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген. Осыдан кейін су ішуге жарамсыз болып қалған. Себебі хлордың иісі қатты сезіліп, су ішкендердің кейбірінің жүрегі айныған.

– Бұл көшеде шамамен 30 отбасы тұрады. Бізге алдын ала ешкім ескерткен жоқ. Бұл суды ішу мүмкін емес, – деп тұрғындар наразылығын шақты.

Ауыл әкімдігі жоспарлы түрдегі дезинфекцияның жиі өткізілетінін түсіндірді. Қазіргі жағдайда таза ауызсуды жеткізу ұйымдастырылған.

– 13 маусымда «Жәрдем KZ» ЖШС ауыл әкімдігі балансында тұрған су колонкаларын жоспарлы түрде дезинфекциялады. Дезинфекция хлорлы таблеткаларды қолдану арқылы санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылды. Келісімшарт бойынша, колонкалардан су ішуді дезинфекциядан кейін 4 сағаттан соң бастауға болады. Барлық жағдай анықталғанша, ауызсуды жеткізу ұйымдастырылды, – деп мәлім етті Асубұлақ ауылдық округі әкімдігінің аппаратынан.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...