Катонқарағай ауданында «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық айтыс өтті

Катонқарағай ауданында «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық айтыс өтті. Бұл поэзиялық сайыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты ауқымды фестиваль аясында өткізілді.

Айтыс сахнасына Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолиядан келген танымал ақындар шықты. Қатысушылардың қатарында республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпаздары, «Алтын домбыра», «Асыл домбыра» иегерлері мен мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары болды.

Жарыс екі кезеңнен тұрды. Ақтық сынға үздік жұптар шығып, шешуші айтыс өтті. Айтыс аралығында көрермендер «Назқоңыр», «Дарабоз» вокалдық топтарының және мәдениет пен өнер саласының көрнекті өкілдерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалады.

Қорытынды сөз сөйлеп, бас жүлдені ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады.

Шара түркі дүниесінің мәдениеттерін тоғыстырған, қазақтың айтыс өнерінің рухани құндылығы мен мәртебесін көтерген айтулы оқиға болды.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...