ШҚО халқы облыстар ішінде тұтынушы құқығы туралы ең аз хабардар

ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті былтыр жүргізген республикалық сауалнама қорытындысы бойынша, Қазақстан азаматтарының 91%-ы елімізде тұтынушылардың құқықтарын реттейтін заңнамалық акт бар екенін білетіндерін айтқан. Алайда осы тұрғыдағы өңірлер арасындағы айырмашылық біршама.

Сауалнама нәтижесінде халықтың тұтынушылық құқықтар туралы ең жоғары хабардарлығы Батыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында байқалды. Бұл өңірлерде респонденттердің 95%-ы тиісті заңнамадан хабардар екенін мәлімдеген. Ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Онда тек 87% тұрғын ғана бұл туралы білетінін мәлім еткен.

Тұрғындар арасында тұтынушылық құқықтардың нақты мазмұны жөнінде де айырмашылықтар бар. Респонденттердің 31%-ы — сапалы тауар мен қызмет алуға, 30%-ы — келтірілген материалдық залалды өтеуге, 12%-ы — моральдық зиянды өтеуге, 5%-ы — қауіпсіздік, ақпарат алу және қоғамдық бірлестік құруға, 4%-ы — айыппұл өндіруге қатысты құқықтарымен таныс екенін айтқан.

Тұтынушылардың құқықтары қаншалықты сақталып жатыр деген сұраққа респонденттердің 74%-ы елдегі жағдайды оң бағаласа, 16%-ы – орташа деп, 5%-ы – теріс деп бағалаған. Ал 5%-ы нақты пікір білдіре алмаған.

Сауалнамаға қатысқандардың 74%-ы мемлекеттік реттеу шаралары тұтынушы құқықтарының сақталуына оң әсер етті деп санайды. Сонымен қатар 6%-ы жағдай нашарлағанын айтса, 11%-ы ешқандай өзгеріс байқалмағанын жеткізген.

Новые статьи

В Риддере 60 семей получили ключи от новых квартир

В канун Дня Республики в Риддере состоялось торжественное вручение ключей от квартир в новом многоквартирном доме. Новоселами стали 60 семей. 55 квартир приобрели сотрудники ТОО...

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...

К 2028 году цифровая прослеживаемость охватит 80% энергоресурсов Казахстана

В Казахстане планируют расширить цифровой контроль за движением нефти и нефтепродуктов. Согласно стратегии Digital Qazaqstan, к 2028 году сквозная цифровая прослеживаемость должна охватить 80%...

ООН предупреждает: ИИ может заменить человека при принятии решений на поле боя

Искусственный интеллект уже сейчас широко используется на поле боя, а роль человеческого фактора в военных операциях стремительно сокращается. Об этом предупредил руководитель Института ООН...