Өскеменде қазақ тілін үйренуге ниет білдіргендер арасында 78 жастағы апа да бар

Василий Березовский Өскемендегі Оралған Бөкей атындағы кітапхананың «Кел сөйлесейік» қазақ тілді клубында сабақ беріп жүр. Оған оқушылар ғана емес, зейнеткерлер де келіп, мемлекеттік тілді меңгеріп жатыр.

— Өзім Талдықорған қаласының тумасымын. Аулада қазақ балаларымен бірге ойнап жүріп өстік. 7 жасымда Өскеменге көшіп келдім. Бірақ маған мектепке дейін ереже бойынша қазақша қалай дұрыс сөйлеу керектігін ешкім үйретпеді. Септіктердің қалай екенін мұғалімдерден ұқтық қой. 9-сыныптан бастап 3 жыл бойы қатарынан қазақ тілінен қалалық олимпиададан бірінші орын алдым, — дейді Василий Березовский.

Оның Оралған Бөкей атындағы кітапхананың «Кел сөйлесейік» қазақ тілді клубында сабақ беріп жүргеніне 2 жылдан асты.

— Сабақта ауызекі қазақ тілін үйретемін. Дүкенде сатушымен, таксиге отырғанда жүргізушімен сөйлесуден, көшеде адасып қалғанда мекенжайды сұраудан бастаймыз. Өзім шоумен болғандықтан әзіл қосып, қызықты өткізуге тырысамын. Барлығы 20-дан астам адам келеді. Олардың арасында мектеп оқушылары, түрлі салада жұмыс істейтін азаматтар мен зейнеткерлер бар. Ең егде жастағы клуб қатысушысы — 78 жаста, — дейді тіл клубының оқытушысы.

Өз сөзінде ол қазақ тілін білгеннің пайдасы өте мол екендігін, қоғамға, түрлі ортаға еркін сіңісуге, жаңа достар табуға мүмкіндік жасайтынын атап өтті.

— Жалпы, бірнеше тіл білген адам ең әуелі өзін дамытады. Қазір мен орысша сөйлегенде де кей сөздерді байқамай қазақша айтып жіберемін. Қасымдағылар түсінбей қалады. Бірде орыс досыма «жетеді, жетеді» деп жатсам «что говоришь?» дейді. Сол кезде «хватит» дегенді еске түсіре алмай, біршама тұрып қалғаным бар (күлді). Сауда үйлеріндегі, дүкендердегі сатушылармен қазақша сөйлескенімде олар үнемі жылы шырай танытып, күлімдеп, өзім туралы сұрап жатады, — дейді Василий Березовский.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...