Шығыс Қазақстан облысында із-түссіз жоғалған зейнеткерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
1939 жылы туған ер адам мамыр айында Белоусовка кентіндегі үйінен шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
— Қазіргі уақытта Чипков Анатолий Васильевичті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 19 мамырдан бері оның қайда екені белгісіз, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Еріктілердің мәліметінше, зейнеткер жоғалған күні қою көк түсті пиджак, қара шалбар, қара туфли және сұр кепка киген.