Ескі қабырғаларға жаңа өмір: Өскеменде бұрынғы №1 қалалық аурухана ауқымды түрде жаңғыртылуда

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының басшылығы 40 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген бұрынғы №1 қалалық аурухананың ғимаратын толық жаңғыртуды қолға алды. Қазір бұл мекеме – Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы (ШҚО ММО) – ауқымды қайта құру сатысынан өтуде.

Халық арасында әлі күнге «1-қалалық аурухана» деп аталатын орталық бұрыннан сынға ілініп келе жатқан. Бірнеше рет «жөндеу жұмыстары басталады» деп айтылғанымен, тек жекелеген бөлмелерді жөндеумен шектеліп келді. Кеңестік стильдегі тар палаталар, ескі тозығы жеткен жабдықтар – мұның бәрі тұрғындар үшін үйреншікті көрініске айналған еді. Нағыз күрделі жөндеу қажет болатын.

Бүгінде аурухананың барлық дерлік жүйелері — желдету жүйесінен бастап, палаталардағы шақыру батырмаларына дейін жаңартылып жатыр.

– Жөндеу жұмыстары былтырғы мамырда облыс әкімі мекемеге арнайы келіп, жағдаймен егжей-тегжейлі танысқаннан кейін ғана басталды. Содан соң электр жүйесін, желдетуді және инженерлік коммуникацияларды ауыстыруға қаражат бөлінді. Қазір «Қазцинк» компаниясының қолдауымен гинекология бөлімі жөнделіп жатыр. Екі аптадан кейін пациенттер жаңа палаталарға көшеді. Сонымен қатар аурухана аумағы да абаттандырылып жатыр. Жалпы, барлық бөлімшелер кезең-кезеңімен жаңартылады, – дейді ШҚО ММО бас дәрігері Шолпан Макашева.
Жөндеу жұмыстарының жалпы ұзақтығы – сегіз ай. Аяқталу мерзімі – 2026 жыл.

– Ғимараттың ескі желдету жүйесі толық ауыстырылды. Бұрын ауа айналымы дұрыс болмаған. Енді палаталарға дәретханалар орнаттық – бұл науқастарға барынша қолайлы жағдай жасау үшін қажет болды. Бұл жұмыстар 90% аяқталды, 30 маусымға дейін толық тапсырылады, – дейді құрылыс учаскесінің бастығы Амангелді Сембинов.
Аурухананың қабылдау бөліміне күніне 200-ге жуық адам жүгінеді. Дегенмен олар әлі де тар дәліздер мен ескі бөлмелерде отыр. Енді бұл бөлім де күрделі өзгеріске ұшырайды, және бұл жолы бюджет есебінен емес, жеке инвестиция есебінен. Инвестиция көлемі – 1 миллиард теңгеден асады.

– Қазіргі қабылдау бөлімінің ауданы – 350 шаршы метр, бұл санитарлық талаптарға сай емес. Болашақта республикалық нефрологиялық орталық – «BB Nura» ЖШС қолдауымен жеке ғимарат салынады. Оның ауданы шамамен 1000 шаршы метр болады. Бірінші қабатта – қабылдау-диагностикалық бөлім, екінші қабатта – гемодиализ төсектері бар нефрология бөлімі орналаспақ, – дейді бас дәрігердің орынбасары Марат Нұрбикенов.
Қалалықтар да қазіргі өзгерістерге түсіністікпен қарай бастады.

– Кез келген жөндеу уақыт пен қаражатты қажет етеді. Ал бұл – аурухана, жөндеу жұмыстарына қарамастан күнделікті жұмысын тоқтатқан жоқ. Қарапайым адам ретінде мен медицина қызметкерлерінің жақсы күтімі мен жылы қабақ танытқандарына ризамын, – дейді қала тұрғыны Альбина Загорнова.
Тұрғындар талай жылдар күткен жөндеу жұмыстары ақыры жүзеге асып жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың бастамасы мен серіктестердің қолдауының арқасында бұрынғы №1 қалалық аурухана тек сырттай емес, мазмұндық тұрғыдан да жаңарып, қазіргі заман талабына сай медициналық мекемеге айналуда. Енді мұнда емделушіге деген қамқорлық жайлы палатадан басталып, сапалы медициналық көмекпен аяқталады.

Новые статьи

В Казахстане пресекли вымогательства у студентов и школьников

В Павлодарской области сотрудники подразделения по борьбе с организованной преступностью пресекли случаи вымогательства в учебных заведениях. Работу провели в рамках проекта «Саналы Ұрпақ» при...

В Усть-Каменогорске прошла выставка продукции товаропроизводителей региона

В Усть-Каменогорске в торгово-развлекательном центре «Maxi Mall» прошли выставки-конкурсы «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт». На площадке представили товары...

В регионах Казахстана открыли 23 новых отделения по востребованным медицинским профилям

В регионах Казахстана в рамках программы реновации областных больниц уже начали работать 23 новых отделения по востребованным терапевтическим профилям. Об этом сообщили в министерстве...

Казахстан намерен сохранить налоговые льготы для IT-отрасли до 2045 года

Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстане (МИИЦР РК) инициировало работу по формированию долгосрочных условий для развития технологического предпринимательства в стране – Казахстан...