Өскемен қаласында ер адамға жабылып, сабап өлтіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Белгілі болғандай, жігіттер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Сол кезде бірнешеуі бір жігітке жабыла жөнелді. Оны ұрып өлтірген соң мәйітін Абай даңғылындағы аурухана маңына тасап кеткен.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдіктілер ұсталды.
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген ақпаратта.