Зайсан ауданы Ақарал ауылының тұрғындары шегірткенің қаптап кеткенін айтып, дабыл қақты

Ақарал ауылының халқы қаптап кеткен шегірткенің малға шөп қалдырмай, шабындық пен жайылымдық жерді құртып жатқанын жеткізді.

— Аудандағы басқа ауылдарға мамандар барып химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп кеткен. Сол кезде «бізге неге келмеді?» деп сұрастырып едік, «ауылдағы халық саны аз» деп жауап беріпті. Бұл малмен күн көріп отырған ақаралдықтарға қиын болды. Егер шегірткені тоқтатуға көмек болмаса, қыста мал аштан қырылайын деп тұр!, — дейді тұрғындар.

Осы мәселені Зайсан ауданының әкімдігі бақылауға алды.

— Ақарал ауылы аумағында шегірткелердің қаптауы аудан әкімдігі тарапынан назарға алынып, тиісті жұмыстар қолға алынды. Сол жерге ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары барып, нақты ахуал зерделенді. Қазіргі уақытта Зайсан ауданында аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары облыстық бюджет есебінен кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін Зайсан қаласы, Кеңсай және Қарабұлақ ауылдық округтерінде авиациялық әдіспен өңдеу жұмыстары атқарылған, — деп жауап берді әкімдіктен.

Қаратал ауылдық округінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстар уақытша тоқтап тұр.

— Алдағы күндері Біржан, Сарытерек, Айнабұлақ және Дайыр ауылдық округтерінде химиялық өңдеу жалғасады. Жерүсті бүрку техникасы келгеннен кейін Ақарал аумағы да қамтылады, — дейді әкімдік өкілдері.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске открыли сезон речных трамвайчиков

Новый сезон традиционно стартовал первого мая. В этом году, гостей ждут не только уже знакомые речные маршруты и туры по городу и Усть-Каменогорскому водохранилищу,...

В Усть-Каменогорске День единства отметили у Дома дружбы

В День единства народа Казахстана праздник в областном центре развернулся и на площадке перед региональным Домом дружбы народов. Здесь сделали ставку на живое общение,...

Глава региона Нурымбет Сактаганов поздравил восточноказахстанцев с Днем единства

В областном центре с самого утра проходят праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана. Для гостей и жителей города подготовили концерт, выставки, народные игры,...

В Усть-Каменогорске отмечают День единства народа Казахстана

Сегодня в областном центре отмечают День единства народа Казахстана, в рамках праздника запланирована масштабная программа сразу на нескольких локациях в городе. Праздничный концерт начался в...