Шығыс Қазақстанда алты қаржы пирамидасының жолы кесілді

ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, ең ірі алаяқтық схемаларға барғандар — «Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical» пен «Eolus». Олар тек облыста емес, бүкіл ел аумағында әрекет еткен.

Қаржылық пирамидалардан зардап шеккендер жылдам әрі оңай ақшаны уәде берген алаяқтарға сеніп қалған. Барлығы 250-ден астам өңір тұрғыны 400 млн теңгеден астам шығынға батқан. Сонымен қатар облыста алаяқтарға банк карталары мен жеке деректерін беру, яғни «дропперлік» мәселесі де өзекті болып отыр.

— Тек Шығыс Қазақстан облысының өзінде 6,2 мыңнан астам «дроп-карта» анықталды. Бұл карталар арқылы 24 млрд теңгеге жуық қаржы айналымы тіркелген. Көп жағдайда «дропперлер» қатарына студенттер, зейнеткерлер және жұмыссыз азаматтар кіреді. Олар өздерінің қылмыстық схемаға қатысып жатқанын түсінбейді, — дейді департаменттің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Жанар Тайғаранова.

Оның айтуынша, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шығарылып, айыпталушылар бас бостандығынан айырылды.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...