Энергетика министрлігі 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге өңірлер бойынша ірі тұтынушылар мен майнинг компанияларына арналған тауарлық газдың көтерме бағасын бекітті.
Ең жоғары көтерме баға Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарында белгіленіп отыр. Нақты айтқанда, 76 686 теңге көлемінде. Ал ең төменгі баға Шығыс Қазақстан облысында тіркелді — небәрі 13 069 теңге.
Астана қаласында газдың көтерме бағасы 72 846 теңгені, ал Шымкентте — 71 122 теңгені ($139) құрайды.