Ел бойынша алкогольге ең көп қаржыны шығысқазақстандықтар жұмсайды

Өткен жылы Қазақстан тұрғындары алкогольді ішімдіктерге жан басына шаққанда орта есеппен 7,4 мың теңге жұмсаған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,6%-ға артық.

Алкогольге ең көп шығын Шығыс Қазақстан облысында тіркелді — бір адамға шаққанда 16,2 мың теңге. Бұл көрсеткіш өңірде бір жылда 7,3%-ға өскен. Одан кейінгі орында Алматы қаласы (15,3 мың теңге), Қарағанды (13,9 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (13,7 мың теңге) және Павлодар (12,9 мың теңге) облыстары тұр.

Ең аз шығын Кызылорда (1,3 мың теңге), Түркістан (1,5 мың теңге) және Маңғыстау (1,6 мың теңге) облыстарында тіркелген.

Бағаларға келсек, 2024 жылғы сәуірде Қазақстанда алкогольдік өнімдер бір айда 1,2%-ға, ал бір жыл ішінде 10%-ға қымбаттаған. Атап айтқанда, бір айда арақ 0,9%-ға, сыра 1,2%-ға, шарап 1,5%-ға өскен. Жылдық есепте арақтың бағасы 5,5%-ға, шарап — 10,9%-ға, сыра — 13,9%-ға қымбаттады.

Өңірлер бойынша ең жоғары айлық баға өсімі Батыс Қазақстан облысында байқалып отыр — 3%. Сондай-ақ Алматы қаласында (2,1%) және Қостанай облысында (1,9%) баға айтарлықтай өскен. Павлодар және Жамбыл облыстарында өсім ең төмен — әрқайсында 0,1%. Ал Абай, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында баға өзгермеген.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...