Абай Құнанбайұлының иелігіндегі мал саны жайлы тың ақпарат жарияланды

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлын ел көбіне ойшыл, ағартушы ретінде ғана танып, оның өз дәуірінде ауқатты, ірі шаруашылық иесі болғанына назар аудара бермейді. Осы ретте Абай облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы хакімнің болмысын толық тануға мүмкіндік беретін тарихи деректерді ұсынды.

— Абай Құнанбайұлының арғы аталары да, әкесі Құнанбай Өскенбайұлы да — би, болыс болып, ел басқарған, сөзі де, өзі де салмақты адамдар болғаны тарихтан мәлім. Осындай отбасында дүниеге келген Абайдың да жастайынан ел ісіне араласып, басқарушылық қабілеті ерте танылды. 1915 жылы жарияланған тарихи деректерге сүйенсек, Абайдың иелігінде 593 жылқы (оның ішінде 108 жабағы мен 167 құлын), 51 сиыр, 51 түйе, 1417 қой болған, — делінген ақпаратта.

1878 жылы Абай Семейде құрылған облыстық статистика комитетінің толық мүшесі ретінде тіркеліп, өз өңірінің әлеуметтік-экономикалық, этнографиялық, мәдени жағдайын зерттеуге белсене қатысқан.

— Бұл комитетке мүше болу — тек атақ емес, ол адамнан белгілі бір дәрежеде сауаттылықты, қоғамның дамуына бейжай қарамайтын көзқарасты талап етті. Абай бұл міндетті абыроймен атқарып, өлкенің дамуына үлес қосты. Ұлы ақынның мал-мүлкі туралы мәліметтер — жай ғана сандық дерек емес. Бұл — оның тұлғасының жан-жақтылығын, өмір сүрген ортасын, сол дәуірдегі қазақ қоғамының құрылымын тануға мүмкіндік беретін тарихи айғақ, — делінген хабарламада.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...