ШҚО-да кене шаққандардың ішінде 30 пайызға жуығы – балалар

Өңірде кене шағуы салдарынан медициналық көмекке жүгінгендердің саны күн өткен сайын артып келеді.

— Сәуір айынан бастап осы күнге дейін 2300-ден астам адамды кене жақты. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі — 28 пайыз. Кенеден зардап шеккендердің басым бөлігіне алдын алу шаралары көрсетіліп, соның ішінде вакцинация да жүргізілген, — дейді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.

Бүгінгі таңда кене арқылы жұғатын ауруларға шалдыққандар болған жоқ.

Мамандардың мәліметінше, кенеге қарсы иммуноглобулин эндемиялық аймақтардағы барлық медициналық ұйымда жеткілікті мөлшерде бар. Облыс тұрғындарына кенелердің адам өміріне қауіпті бірқатар инфекцияны тасымалдайтынын ескертеміз. Олардың қатарына кене энцефалиті, кене риккетсиозы, боррелиоз (Лайм ауруы) жатады.

Сонымен қатар кене шағуы созылмалы аурулардың асқынуына және аллергиялық реакцияларға себеп болуы мүмкін.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...