в

Өскеменде ер адамды көлік қағып кетті

Источник фото: МВД РК

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы Қазыбек би даңғылында болған.

— Өтепов көшесіне қарай келе жатқан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қағып кеткен. Соның салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған 26 жастағы азамат медициналық мекемеге жеткізілді, — делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өскемен тұрғындарына 1 млрд теңге шығын келтірген құрылыс компаниясының басшысы сотталды

ШҚО-да қатты жел соғып, бірнеше ғимарат бүлінді