ШҚО тұрғынының абыройын түсіретін видеоны таратамыз деп қорқытқан полицейлер сотталды

Сот ісі Өскемен қалалық №2 сотында қаралды. Анықталғандай, полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке өміріне қатысты деректерді біліп, одан ақша бопсалау үшін алдын ала сөз байласқан.

Содан соң ер адамға абыройына нұқсан келтіретін видеоны көрсеткен. Ол болса тәртіп сақшыларының талабына көніп, 3 млн теңге берген. Сот барысында үшеуі де өз кінәларын мойындаған жоқ.

— Айыпталушылар ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (өзiне немесе басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) және 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы топпен бопсалау) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен олардың бірі 6 жылға, екеуі 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен.

Үшеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...