ШҚО-да инвестор тарту үшін жер мәселесі басты кедергілердің бірі болып отыр

Облыс прокуратурасында өткен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі фронт-кеңсе отырысында бизнес өкілдерін алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға қадағалаушы орган, «Kazakh Invest», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіп иелері қатысты.

Прокуратура мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 845 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Негізгі назар – мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын қысымның алдын алуға аударылып отыр. Қазірдің өзінде бір шенеунік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

— Бүгінде 6 инвестициялық жоба прокуратураның сүйемелдеуімен жүзеге асырылып жатыр. Алайда олардың барлығы дерлік бірдей кедергілерге тап болды, ол – жер телімдерін рәсімдеу, жалға алу мерзімін ұзарту. Барлығы үнемі жер мәселесіне келіп тіреледі, — делінген ақпаратта.

Отырыста ерекше назар аударылған тағы бір жайт – «Заречье» эко-қонақүйінің жағдайы. Ондағы инвестор туризм нысандарын кеңейту үшін жер телімін пайдаланудың нысаналы мақсатын ауыл шаруашылығынан рекреациялық мақсатқа өзгерте алмай әуреге түскен.

— Бізге қонақ үйлер мен туристік инфрақұрылым салу үшін небәрі екі гектар жер қажет. Қалған аумақ бұрынғыша мал жайылымы мен шабындық ретінде пайдаланыла береді. Шаруашылықта мал да ұстаймыз, — деді қонақүй директоры Светлана Фроимчук.

ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлистің айтуынша, мұндай даулар Самар ауданында да кездескен. Онда аудандық әкімдік сот шешімдеріне сүйене отырып жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат бермей қойған.

— Облыстық Мамандандырылған экономикалық сотының ауыл шаруашылығы жерлерін басқа мақсатқа ауыстыруға тыйым салатын қаулылары бар. Алайда бұл мәселені жерді аймақтарға бөлу арқылы қайта қарауға болады, — деді басқарма басшысы.

Мәселе қадағалаушы органның да бақылауына ілікті. ШҚО прокурорының бірінші орынбасары Мейрам Таутенов жағдайды жан-жақты қарап, нақты шешім қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ ол кәсіпкерлерге даулы мәселелер бойынша прокуратураға жүгінуден қорықпауға кеңес берді.

— Хабар неғұрлым ертерек түссе, біз де соғұрлым тезірек әрекет етіп, құқықтарыңызды қорғай аламыз, — деді М.Таутенов.

Новые статьи

Охранники стратегических объектов КТЖ в ВКО обратились в инспекцию труда из-за задержек зарплаты

Сотрудники охранной компании ТОО «Батыс Коргау», которые обеспечивают безопасность стратегических объектов железной дороги в Восточно-Казахстанской области, заявили о многомесячной задержке заработной платы. По словам работников,...

Министрам напомнили про личную ответственность за показатели экономики

Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам исполнения поручений главы государства в сфере устойчивого роста экономики. Главный акцент сделали на диверсификацию. На совещании рассмотрели текущие...

Казахстан готовится к переписи населения на основе регистров

В Астане начал работу трехдневный национальный технический семинар по подготовке к переписи населения на основе регистров. Он собрал представителей государственных органов, международных организаций и ведущих...

Глава государства принял министра обороны Даурена Косанова

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад об итогах деятельности оборонного ведомства за прошедший период 2026 года, мерах по обеспечению социальной защиты военнослужащих и укрепление престижа...