Шығыс Қазақстандағы 90-ға жуық бөгетті күрделі жөндеу қажет

Талай жыл бойы су жинамайтын, бірақ ресми түрде балансқа тіркеліп, бюджет қаражатын «жұтып» жатқан бөгеттер енді істен шығарылмақ. Бұл жайында Ертіс бассейндік инспекциясынан мәлім етті.

Аймақта мұндай кемінде төрт нысан анықталған, оның біреуі Самар ауданында, біреуі Глубокое ауданында және екеуі Шемонаиха ауданында. Олардың техникалық жағдайы апатты деп танылып, қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп есептелген. ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, аталған бөгеттерге жыл сайын бөлінетін қаржы іс жүзінде желге ұшып жатты. Енді бұл нысандар толығымен пайдаланудан шығарылуы тиіс.

— Біз кейбір ескі гидротехникалық құрылыстарға жыл сайын қаражат бөлінгенін, бірақ шын мәнінде ешқандай қызмет көрсетілмегенін анықтадық. Тіпті, оларда көптен бері су жиналмай келген. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған көптеген бөгет қанағаттанарлықсыз жағдайда және шұғыл жөндеуді қажет етеді, — деді облыстық Антикор басшысы Денис Шакенов.

Тексеру нәтижесінде өңір бойынша тіркелген 132 бөгеттің 89-ына күрделі жөндеу қажет. Сараптама олардың тозу деңгейі 60-70%-ға жеткенін, кей жағдайда 90%-ға дейін жақындағанын көрсетті.

Соған қарамастан бұл құрылыстардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз етіп, суармалы егіншілікті дамытуға және елді мекендерді тасқыннан қорғауға маңызды үлес қосып отыр. Мамандардың айтуынша, осындай стратегиялық нысандар қаржыландыру мен бақылаудың басты басымдығы болуға тиіс.

Алайда қазір жергілікті деңгейде оларды күтіп-ұстауға қажетті ресурс пен білікті мамандар жетіспейді. Аудандық әкімдіктерде су балансын және техникалық жағдайын бақылап отыратын гидротехника мамандары жоқтың қасы.

— Көктемде қанша су келіп жатқанын, ол судың қалай жұмсалып жатқанын ешкім дөп басып айта алмайды. Мамандар да, бақылау да жоқ. Сондықтан біз кейбір нысандарды кәсіби гидротехникалық ұйымның қарамағына беруді ұйғардық. Оларда қажетті кадрлар мен мүмкіндіктер бар, — деді Ертіс бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ернар Мәди.

Яғни, 24 гидротехникалық нысан аудан әкімдіктерінің балансынан алынып, «Шығыс су қоймалары» коммуналдық кәсіпорнына берілмек. Кәсіпорынға өткізу арқылы су қоймаларын орталықтандырылған басқару жолға қойылып, техникалық тексерулерді уақытылы жүргізу, қауіпке жедел әрекет ету және су ресурстарын тиімді бөлу жұмыстары қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...