в

Шығыс Қазақстанда күн ысиды

Алдағы апта облыста ыстық болады. «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, бұған Иран жақтан келетін жылу массалары себеп.

Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. 15 мамырдан бастап термометрлер күндіз кей жерлерде 30 градустан жоғарыны көрсетеді.

– Ел шығысында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Күндіз 30 градусқа дейін ыстық болады, — делінген ақпаратта.

Өскеменде де күн ашық болады. Сынап бағанасы күндіз 28-30, түнде 8-10 градус жылыны көрсетеді.

Мажилис рекомендовал министерству водных ресурсов разъяснить населению положения нового Водного кодекса

В ВКО регистрируют беременность у женщин старше 50 лет