Зайсанда алты отбасы баспаналы болды

Зайсан ауданына қарасты Кеңсай ауылында алты отбасыға жаңа үйдің кілттері табысталды. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Кеңсай ауылдық округінде көпбалалы және әлеуметтік жағынан осал алты отбасы қоныс тойын тойлады.
Салтанатты шараға келген аудан әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Зұмрад Дюсенбаева жаңа қоныс иелерін аудан әкімінің атынан құттықтады.

— Мереке қарсаңында алты отбасы жаңа үйге қоныстанып отыр. Бұл — мемлекеттің әлеуметтік қолдауының нақты нәтижесі, — деді аудандық әкімдік өкілдері.

2024 жылы өңірде 232 пәтер көпбалалы отбасыларға, ал 518 пәтер әлеуметтік осал топтарға берілген.
Биыл 180 пәтерді салу және сатып алу жоспарланып отыр.

Новые статьи

Казахстан и Германия хотят усилить промышленную кооперацию – в работе 41 инвестпроект

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провел встречу с Парламентским статс-секретарем федерального министерства экономики и энергетики ФРГ Штефаном Рунхоффом. Стороны обсудили перспективы...

В Усть-Каменогорске обновляют пешеходную зону на проспекте Ауэзова

В Усть-Каменогорске продолжаются работы по благоустройству одной из главных магистралей города — проспекта Ауэзова. Модернизация здесь стартовала с началом теплого сезона. На данный момент...

Өскеменде Әуезов даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып жатыр

Өскемен қаласындағы негізгі көшелердің бірі – Әуезов даңғылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Аталмыш даңғылдағы жаңғырту жұмыстары жылы маусым басталысымен қолға алынған болатын. Қазіргі уақытта бірнеше...

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число лучших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике. Крупный международный турнир проходит в Астане...