в

ҚР ТЖМ әуе кемесі жаңа туған нәрестенің шұғыл тасымалдауын жүзеге асырды

Бүгін ШҚО Алтай қаласындағы жаңа туған нәрестелердің бірі ауыр жағдайына байланысты облыс орталығының медициналық мекемесіне шұғыл тасымалдауын қажетсінген болатын. Әр минуттың маңыздылығын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

ТЖМ Қазавиақұтқару тәжірибелі ұшқыштары Евгений Гончаров пен Олег Алфеев сәбиді санавиация дәрігерлері бригадасының сүйемелдеуімен Өскемен қаласына шұғыл түрде жеткізді.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала мен оның анасы медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауына табысталды.

 

Воздушное судно МЧС РК совершило экстренную транспортировку новорождённого