ШҚО прокуратурасы жер ала алмай келген инвестордың құқығын қорғады

Өңірде марал, ірі және ұсақ мал өсіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «ALMAS UK» ЖШС-ға Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті жер телімдерін беруден бас тартқан. Осылайша, жер заңнамасының нормалары бұзылған.

— Инвестор жер учаскесін жалға беруді сұраған. Алайда комитет өтінішті «жерді меншікке алу» деп қате қарап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді беруден бас тартты. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, инвесторға 3,2 мың гектар жер учаскелері жалға берілді, — деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бұл оған облысқа 500 млн теңгеден астам инвестиция салып, 30-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, иинвесторлар өз жобаларын жүзеге асыруда қиындықтарға тап болған жағдайда Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының call-орталығына 8 (7232) 24-55-03 8 (707) 144-00-16 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...