Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде қар барысы фототұзақ объективіне іліккен.
Фототұзақ Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында тұр.
— Бұл фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан. Соның әтижесінде, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды, — деп хабарлады Катонқарағай ұлттық табиғи паркінен.
Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел.
— Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр. Еліміз үшін қар барысын сақтаудың маңыздылығы зор, — делінген ақпаратта.