Семейде оқушыны сипалаған мұғалімге қатысты полиция неге іс қозғамады?

Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеода Семейдегі мұғалімнің оқушы қызды мойнынан, құлағынан сипалағанын байқауға болады. Бұған қатысты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен жауап берді.

— Белгілі болғандай, видео 2023 жылы түсірілген. Қазіргі таңда оқушы қыз жалпы орта мектептің 9-сыныбында оқуын жалғастырып жатыр. Ал ерсі қылық жасаған мұғалім бүгінде білім саласында жұмыс істемейді. Комитет бұрынғы мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға беру үшін құзырғы органдарға да хабарласты, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, Абай облыстық Полиция департаментімен байланысқа шығып көрдік. Олар да желіде тараған ақпаратқа қатысты тексеріс жүргізілгенін мәлім етті.

— Оқиғаның екі жылдан астам уақыт бұрын болғаны анықталды. Баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартты, — деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...