в

Шығыс Қазақстан халқы жиһаз жөндеуге ақша жұмсамайды

Carpenter protecting wooden chair with Polyurethane wood finish

Ресми статистикаға сәйкес, өткен жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда жиһазды жөндеуге және қалпына келтіруге жұмсалған шығындар бір үй үшін орташа есеппен небәрі 83 теңгені құрады. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9%-ға аз.

Өңірлерге бөліп айтар болсақ, ең көп қаражат Солтүстік Қазақстан облысында жұмсалған. Бір отбасына тоқсанына орта есеппен 387 теңге ғана кеткен. Одан кейінгі орындарда Қызылорда және Жамбыл облыстары тұр: бір үйде сәйкесінше 301 және 204 теңге құртылыпты.

Ал ең аз шығындар Түркістан және Ақмола облыстарында байқалып отыр. Тоқсанына бір отбасыда небәрі 11 теңгеден шығады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкентте жиһазды жөндеу мен қалпына келтіруге кеткен шығындар мүлде есепке алынбаған.

В прошлом году в ВКО было зарегистрировано 11 случаев клещевого энцефалита, в этом — пока ни одного

Правила досмотра пассажиров изменились в Казахстане