ШҚО-да Осинов асуындағы жол осы жылы салынып бітеді

2018 жылы Өскемен — Алтай бағытындағы Осинов асуынан төте жолдың құрылысы басталған болатын. Бұл — өте маңызды жол. Себебі Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасына және Катонқарағай ауданына туристер тек осы жол арқылы жетеді.

Арада 7 жыл өтсе де жол әлі салынып бітпеді.Оның себебі – жол салушылар байқаусызда орман шаруашылығының жеріне кіріп кеткен. Әйтеуір мәселе шешіліп, 2023 жылдың қазан айында жұмыс қайта жанданды.

«Қазавтожол» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың аяғына дейін құрылысты аяқтау жоспарланған.

— Қаржыландыруға қатысты ешқандай қиындық жоқ. Республикалық бюджеттен ақша бөлініп жатыр. 2023-2024 жылдары жоспарланған 13,2 млрд теңгенің 7,9 млрд теңгесі игерілді. 2025 жылға тағы 5,3 млрд теңге бөлінеді, — дейді филиал директоры Нұрбек Темірханов.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...