ШҚО полицейлері биыл дрон арқылы 10-ға тарта ереже бұзушыны жауапқа тартты

Өңірдегі патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзатындарды анықтау үшін жаңа әдіске көшкен. Өткен жылдан бері олар пилотсыз ұшу аппараттарын белсенді қолдануда. Әсіресе жаз кезінде камералар орнатылмаған туристік бағыттағы жолдарда дрон кәдеге жаратылып жатыр.

Осы ретте ел арасында нақты қанша дронның бар екендігі, олардың қай бағыттағы жолдарда қолданылатыны жайлы сауап көп. Соның жауабын білу үшін ШҚО Полиция департаментіне ресми сауалхат жолдадық.

— Бүгінгі таңда полиция департаментінің балансында 10 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Дрондар облыстың қала сыртындағы апатты-қауіпті жол учаскелерінде қолданылады. Осы жылдың ақпан айында жергілікті атқарушы органдарға тағы 10 дрон сатып алуға бюджеттік өтінім жолданды, — деп жауап берді департамент бастығының орынбасары Рифхат Тауфиков.

2024 жылы полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзудың 30-ға жуық фактісін тіркеді.

Ал жыл басынан бері дрондар арқылы 10-ға тарта ереже бұзушы жауапқа тартылды. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда біршама артты. Демек, дрондар өз тиімділігін көрсетіп отыр.

— Дрондар қарсы жолаққа шығу және жол қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да қауіпті маневрлер сияқты заңбұзушылықтарды тіркеуге көмектеседі. Пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану полицияға қиын жол жағдайлары мен апатты аймақтарда қозғалысты бақылауға, заңбұзушылықтарға қатысты жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, — дейді Рифхат Тауфиков.

Новые статьи

Каракабак в Мангистау открывает новые тайны древней торговли

В Мангистауской области археологи продолжают изучать городище Каракабак – древний памятник на побережье Каспийского моря в Тупкараганском районе. По данным министерства науки и высшего...

Пять школьников из Казахстана представляют страну на Европейской физической олимпиаде

С 12 по 16 июня 2026 года в городе Гётеборг, Королевство Швеция, проходит 10-я Европейская физическая олимпиада European Physics Olympiad, EuPhO 2026. В одном из...

«Байтерек» расширяет возможности для отечественного бизнеса в инвестпроектах

АО «Национальный инвестиционный холдинг «Байтерек» расширяет подходы по развитию внутристрановой ценности в крупных инвестиционных проектах, которые финансирует группа компаний холдинга – отечественным производителям хотят...

Студенты из Казахстана первыми в Центральной Азии разработали марсоход

Идея проекта появилась несколько лет назад, когда студентка Назарбаев Университета Егине Агаджанян вместе с единомышленниками решила создать команду по разработке марсохода. Уже спустя несколько...