ШҚО-да дрон арқылы қарсы жолаққа шығып кеткен 2 көлік анықталды

Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол» шарасы өткізіліп жатыр.

— Соның аясында өңірдегі апатты-қауіпті жол учаскелеріне ерекше назар аударылуда. Профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен «Кибершериф» борттық кешені белсенді түрде қолданылуда. Жыл басынан бері дрондар арқылы 10-ға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталса, оның екеуі «Қауіпсіз жол» шарасы кезінде тіркелген, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.

Рейд барысында Өскемен-Риддер тасжолының бір бөлігінде дрон арқылы екі жүргізушінің тыйым салынған жерде қарсы жолаққа шығып, қауіпті маневр жасағаны байқалды. Аталған ереже бұзушылықтыHaval және Subaru көліктерінің жүргізушілері жасаған.

— Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды. Жүргізушілерді 6 ай мерзімге көлік айдау құқығынан айырылу жазасы күтіп тұр, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...