ШҚО-да іздеуде жүрген қылмыскер әуежайда ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы азаматты әуежайда ұстады. Белгілі болғандай, ол алаяқтық жасап, 5 млн теңге пайда көрді деген күдікке ілінген.

— Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ер адам жәбірленушінің сеніміне кіре отырып, оны алдап, ақшасын қалтаға басқан. Осы жылдар ішінде ол әділ соттан жалтарып жүрді. Тұрғылықты жерін жиі ауыстырып отырған және қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген сәтінде әуежайдан ұстады.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...