в

Зайсан ауданындағы шаруа қожалығында 150 тонна пішен жанды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданындағы Бекбай учаскесіндегі шаруа қожалықтарының бірінде өрт шыққан.

— Хабар түсе салысымен өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде пішен жанып жатты. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шаруашылық қора-жай мен басқа да ғимараттарға таралуына жол берілмеді, — делінген ақпаратта.

Барлығы 150 тонна пішен жанып кеткен. Әзірге өрттің нақты неден шыққан белгісіз. Департамент мамандары тексеру жүргізіп жатыр.

В Казахстане открылся первый банк грудного молока для новорожденных

ШҚО-да жол апатынан 1 адам қаза болды