Күршім-Қалжыр-Маралды тасжолының қиыршық тасты учаскесіне биыл асфальт төселеді

Көктем сайын Маралды ауылының жанынан өтетін автожол учаскелерінің бірі маусымдық табиғи факторлардың әсерінен бұзылады. Биыл да бұл жағдай қайталанды — табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмаған жол жабыны тағы да бүлінді.

Мамандардың айтуынша, оқиға орнына арнайы техникамен жабдықталған жөндеу бригадасы жедел жеткен. Зақымданған жерлер маусымдық жоспарлы жұмыстар аясында тез арада қалпына келтірілді. Бұл жұмыстар жол қозғалысының қауіпсіздігін және инфрақұрылымның сақталуын қамтамасыз ету үшін дәстүрлі түрде жүргізіледі.

Бұл Күршім — Қалжыр — Маралды жолы туралы, оның жалпы ұзындығы 75 шақырымды құрайды. Соның ішінде тек 12 шақырымы қатты жабынымен асфальтталған, қалған бөлігіне — шағыл тас төселген. Биыл бұл жолға орташа жөндеу жүргізуге 894 миллион теңге бөлінді: 12-ден 27-ші шақырымға дейінгі аралықта жол жабындысын шағыл тастан қатты жабынға ауыстыру жоспарланған. Бұл жұмыстар басталып кеткен және маусым соңына дейін аяқталуы тиіс.

Көктемде болған зақым орташа жөндеу жүргізілген учаскеден тыс, 28-шақырымда тіркелген. Яғни, орташа жөндеуге бөлінген қаражат бұл жерге жұмсалмайды. Ақауларды жою облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы ұстауға қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырылды. Бұл қаражат облыс бойынша ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын жолдар желісіне бөлінеді.

Жолдарды жүйелі техникалық күтімнен өткізу және маусымдық зақымдарды жою бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Бұл табиғи құбылыстардың салдарын азайтып, жыл бойы автомобиль жолдарының сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...